Нидерландыда пиротехникаға тыйым салынды: фейерверкті енді кім ғана қолдана алады?
Нидерланды жаңа жылдан бастап азаматтарға фейерверк қолдануға толық тыйым салды.

Ресми мәліметке сүйенсек, келер жылдан бастап Нидерланд азаматтары жаңа жылда өз бетімен фейерверк ату мүмкіндігінен айырылады. Бұл құқық енді тек арнайы кәсіби ұйымдастырушыларда ғана сақталады.
Жаңа ережелердің негізгі себебі — қауіптілік пен зардаптардың артуы. Елде пиротехникаға сұраныс күрт өсіп, сатылымдар шамамен 20% артқан. Сонымен қатар, полиция контрабандалық қуатты петардалардың көбейіп кеткенін хабарлап отыр.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қараша мен желтоқсан арасында онға жуық жасөспірім қатты жарақат алып, саусақтарынан немесе қолдарынан айрылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары — 2024 жылы мұндай жағдайлар тек 4 рет тіркелген.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·