Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нұрайдың өлімі: Іс бойынша «Сталкинг» бабымен жаңа айып тағылды

Шымкентте марқұм болған Нұрайдың ісі бойынша жаңа дерек шықты. Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, күдіктіге «Сталкинг» бабымен іс қозғалды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Нұрайдың өлімі: Іс бойынша «Сталкинг» бабымен жаңа айып тағылды

Шымкентте марқұм болған Нұрайдың ісіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, Шымкент қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы, яғни «Сталкинг» (адамды табанды түрде қудалау) бойынша жаңа істі тіркеген. Бұл бап жәбірленушінің жеке өміріне араласу, оны үнемі аңду және байланысқа шығуға тырысу сияқты әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.

"Жәбірленушіні жүйелі түрде қудалау фактілеріне әділ құқықтық баға беріледі деп үміттенемін. Біз тергеу барысын мұқият қадағалаймыз. Істің объективті әрі толық тергелуін және кінәлі адамның қатаң жазаға тартылуын талап етеміз", - деді Аянхан Омаров.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Нұрайдың өлімі: Іс бойынша «Сталкинг» бабымен жаңа айып тағылды · Todayinfo