Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртына үндеу жасады: «Баршаңызды атсалысуға шақырамын»

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықты конституциялық реформаны қолдауға шақырып, референдумның ел тарихындағы маңызын атап өтті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртына үндеу жасады: «Баршаңызды атсалысуға шақырамын»

Қызылордада конституциялық реформаға арналған сарапшылар кездесуі өтіп, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды алдағы жалпыхалықтық референдумда белсенді болуға үндеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Достық үйінде» ұйымдастырылған «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» атты жиынға мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, бизнес қауымдастығының өкілдері, ғалымдар мен саяси партия жетекшілері қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, оның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді. Ол жаңа Конституция жобасында мемлекеттің іргелі негіздері мен басты құндылықтары заманауи талаптарға сай жаңғыртылғанын атап өтті.

"Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын алдағы маңызды саяси кезеңде Сыр жұртшылығы еліміздің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын білдіріп, жаңа Конституцияның жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ жиында облыс прокуроры, сенаторлар кеңесінің мүшесі, университет ректоры және басқа да қоғам белсенділері сөз сөйлеп, реформаға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы

Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртына үндеу жасады: «Баршаңызды атсалысуға шақырамын» · Todayinfo