Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен

Тіршілік сағатының соңғы секунды соғып, бақилыққа аттанатын көп пен­денің мәңгілікке сапарының алғашқы бекеті мәйітхана болады. Желіде Ербол Молдабек есімді азамат мәйітханадан адамның денесін алу соншалықты қиын екенін айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат а

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»:  Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу  бизнеске айналып кеткен
Тіршілік сағатының соңғы секунды соғып, бақилыққа аттанатын көп пен­денің мәңгілікке сапарының алғашқы бекеті мәйітхана болады. Желіде Ербол Молдабек есімді азамат мәйітханадан адамның денесін алу соншалықты қиын екенін айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Осы моргтен өлген жақыныңның мәйітін алу неге сонша азап, проблема? Туған-туысын зар илетіп қою мәре ме?», - деп жазды ол.
Алайда желе қолданушылары мұндай мәселе бұрыннан халықты әуреге салып келе жатқанын айтып, жарыса жазды.
«Азап шегіп тұрғанда өте қатты қиын тиеді. Айта алмаймын», «Ақшаға аударып тастаған», «Жерлеу бюросын жалдасаң алып жетіп келеді», «Иә, мәйітханадан мәйітті алып шығу - қиынның қиыны. Бір айдың ішінде әуелі құдам, содан соң ағам қайтыс болып, сол кезде көргенмін мәйітхананың әуселесін», - деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, көпшіліктің ұғымында «мәйітхана» деп аталғанымен, аты да, заты да үрейлі бұл мекеме екі түрге жіктеледі. Оның алғаш­қысына соңғы демін аурухана төсегінде жатып алғандардың денесі жөнелтіледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің жанын­дағы мұндай орындар ресми тілде «паталого-анатомиялық бюро» деп аталады. Ал кісі қолынан немесе оқыс оқиғадан қаза тап­қан­дардың денесі сот сараптамалары ор­та­лығына қарасты мәйітханаларға жеткізіледі. Мұнда тергеушінің қаулысымен сот-меди­циналық сарапшылар кісі өліміне әсер ет­кен факторларды жан-жақты зерттеп, қо­рытынды шығарады. Әйтсе де, бұл саланың ұңғыл-шұңғылынан хабары жоқ қарапайым халық екі мекемені жұптап, «мәйітхана» деген жалғыз атау берген. Оған қоса, 2015 жылға дейін сот-медициналық сараптама жүргізетін мәйітханалар да Денсаулық сақтау министрлігіне қарап келді.

Похожие материалы

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен · Todayinfo