Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Өскемендегі улы газ: "Халық денсаулығымен есеп айырыспауы керек" дейді депутат

Мәжіліс депутаты Өскемендегі ауаның ластануына байланысты Үкіметті сынға алды. Ол ауаны ластайтын кәсіпорындарды жазалауды талап етті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Өскемендегі улы газ: "Халық денсаулығымен есеп айырыспауы керек" дейді депутат

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Өскемендегі экологиялық ахуалға байланысты Үкіметке сауал жолдап, жергілікті биліктің әрекетсіздігін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, қаңтар айының соңында қаладағы күкіртсутек пен күкірт диоксидінің мөлшері рұқсат етілген нормадан 3,6 есе асып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Депутат биліктің тұрғындарға жай ғана "көшеге шықпауға" кеңес беруін жауапкершілікті халықтың мойнына ілу деп бағалады. Ол Конституцияда кепілдік берілген азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы өрескел бұзылып жатқанын жеткізді.

"Адамдар өз денсаулығымен есеп айырыспауы керек. Билік пен кәсіпорындардың әрекетсіздігі азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр", - деп атап өтті Мәжілісмен.

Марат Бәшімов мәселені шешу үшін үш нақты ұсыныс жасады. Ол, біріншіден, ауаны жүйелі түрде ластап отырған кәсіпорындарды анықтап, жазалауды талап етті. Екіншіден, экологиялық қауіпті аймақ тұрғындарының жалақысы мен әлеуметтік төлемдеріне арнайы коэффициент енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, экологиялық дағдарыс кезінде халықты қорғау бойынша дамыған елдердің озық тәжірибесін Қазақстанда қолдану қажеттігін айтты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Өскемендегі улы газ: "Халық денсаулығымен есеп айырыспауы керек" дейді депутат · Todayinfo