Оқушымен төсектес болған жігіт Ресейден экстрадицияланды
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Todayinfo. Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте күдікті Шымкент қаласының жалдамалы пәтерле

Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Todayinfo.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте күдікті Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жастағы қызмбен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін ол тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылғы сәуірде күдікті Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.
Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні елге экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ер адам тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·