Еске сала кеткен жөн, бір апта бұрын құтқарушылар азаматтардан үйін тастап кетуді талап еткен болатын. Алайда, олар эвакуациялық пунктерге орналасудан бас тартқан.

Сонымен қатар осы түні Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкері 2 моторлы қайықпен бір адамды құтқарды.
Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған болатынбыз.
Орал қаласы төңірегінде саяжайлар суға кетіп жатыр.
БҚО ТЖ департаменті су басқан аумақтарда қалу қауіпті екенін ескертті.
Орал саяжайларынан адамдар мәжбүрлі түрде көшіріліп жатыр.
[ad_2] Дереккөз: ҚазАқпарат



