Шыңғыс ханның ескерткішін Шығыс Қазақстанда тұрғызу керек. Қазақстан Алтын Орданың заңды мұрагері екенін Мемлекет басшысы да бірнеше рет арнайы мәлімдеген еді. Енді тек кітап жазып қана қоймай, Қағанның әлемге танымал атын пайдаланып, елге туристер тартуға болады. Осындай ұсынысты Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов айтты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Академия басшысының сөзінше, Шыңғыс хан үшін талас тоқтамайды. Оның басты себебі, қағанның беделі елдің атын шығарып, мемлекеттің тамыры тереңде екенін білдіреді. Одан бөлек Шыңғыс ханның аты мен ескерткіші арқылы елге молынан турист тартаъуға болады.

"Шыңғыс хан Бұқтырма өзенінің Ертіске құятын жерінде өскен. Қазіргі Үлкен Нарын ауданында. Бату ханның туған жері Күршім. Бізге мемлекет басшысы Алтын Орданың ресми мұрагері екенімізді арнайы айтты. Енді тек әрекет жасауымыз керек. Моңғолдар Шыңғыс ханға 9 қабатты музей салды, алып ескертіш орнатты. Есесіне олар жылдық бюджеттінің 20 пайызын осы Шыңғыс ханға арналған ескерткіштерге келетін туристер арқылы тауып отыр", - деді Академия президенті.

Қайрат Закирьяновтың сөзінше, Шыңғыс ханға қытайлардың да таласы бар. Ішкі Моңғолияда арнайы ескерткіштер қорғауға алынып, қытайда фильмдер де түсірілген.

"Мен ШҚО-ның әкіміне арнайы барып жолықтым. Шыңғыс ханның балалық шағы өткен жер Алтай. Бұқтырманың басына ескерткіш салу керек деген ұсыныс айттым. Облыс әкімі саусағын көрсетіп, жоғарыдағылар шешеді деді. Президент Алтын Орданың мұрагері екенімізді әлемге айтты, одан артық не керек, бізге тек әрекет жасау ғана қалды", - деді Қазақ спорт және туризм академиясының президенті.