Отандық әнші Роза Әлқожа тұңғыш немересін перзентханадан алып шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. «Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем.20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермег
Отандық әнші Роза Әлқожа тұңғыш немересін перзентханадан алып шықты, деп хабарлайды
Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем.20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген.
Бөпемізді перзентханадан бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Екі сағатта жиналып, осылай бара салдық. Бұл да Алланың бұйрығы. Бастысы - дені сау, ғұмыры ұзақ болсын», - деді ол.
Ол өзінің енесі алғашқы шөбересін өзі алып шыққанын айтты.
«Бізге де салиқалы әже болуға жазсын.Бата-тілек арнай отырыңыздар. Көп тілегімен көркейе берейік.Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақ.Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын! Әр шаңырақта той болсын! Ұрпағымызбен мың жасаған жандардан болайық. Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші», - деп жазды ол.