Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«Сенімді серіктестік орнатқымыз келеді»: Пәкістан премьері Тоқаевқа уәде берді

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадта президент Тоқаевты қабылдап, Қазақстанды стратегиялық серіктес деп атады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
«Сенімді серіктестік орнатқымыз келеді»: Пәкістан премьері Тоқаевқа уәде берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадта ерекше құрметпен қарсы алып, екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне қадам басуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Кездесу барысында Шахбаз Шариф Қазақстанның Пәкістан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
«Елімізге арнайы уақыт тауып келгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз жұмыс істегіміз келеді. Бұған күмәніңіз болмасын», – деді Пәкістан премьер-министрі.
Сонымен қатар, ол екі елдің энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті барын айтты. Шахбаз Шариф екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша нақты әрі елеулі ілгерілеу қажет екеніне назар аударды. Келіссөздер соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел халықтарының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ортақ мүдделі екендерін растады. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

«Сенімді серіктестік орнатқымыз келеді»: Пәкістан премьері Тоқаевқа уәде берді · Todayinfo