Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Пәтерді қайтару мүмкін бе? Алматыда алаяқтарға қарияның екі үйін алып қойған

Алматыда 69 жастағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, өзі меншіктеген екі бірдей пәтерінен айырылып қалды. Ресми мәлімет бойынша, сот жәбірленушіні өз шаңырағынан мәжбүрлеп шығару туралы шешім қабылдаған. Оқиға өткен жылдың мамыр айында басталған. Жәбірленуші Светлана Суходол

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Пәтерді қайтару мүмкін бе? Алматыда алаяқтарға қарияның екі үйін алып қойған

Алматыда 69 жастағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, өзі меншіктеген екі бірдей пәтерінен айырылып қалды. Ресми мәлімет бойынша, сот жәбірленушіні өз шаңырағынан мәжбүрлеп шығару туралы шешім қабылдаған.

Оқиға өткен жылдың мамыр айында басталған. Жәбірленуші Светлана Суходольскаяға белгісіз тұлғалар хабарласып, өздерін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін» деп таныстырған. Қылмыскерлер «ЭЦҚ кілтіңіз бұзылды» деген сылтаумен зейнеткердің сеніміне кіріп, оны тәулік бойы бақылауда ұстаған.

Психологиялық қысым көрсету арқылы олар әйелді Алматының орталығындағы екі пәтерін шұғыл сатуға көндірген. Әрқайсысы 25 миллион теңгеден сатылған жылжымайтын мүліктің ақшасын жәбірленуші курьерлер арқылы бейтаныс жандарға беріп жіберген.

Кейін анықталғандай, ақшаны алып кеткен Қырғызстан азаматтары ұсталып, 5,5 жылға сотталды. Алайда олардың атында ешқандай мүлік болмағандықтан, зейнеткерге шығынды өтеп беру мүмкін болмай отыр.

Қазақстанда мұндай жағдайда пәтерді қайтаруға бола ма?

Жәбірленуші тарап бір жыл бойы келісімшартты заңсыз деп тануға тырысқанымен, азаматтық сотта жеңіліп қалды. Енді Светлана Суходольская 50 жыл бойы тұрған үйін екі айдың ішінде босатуы тиіс.

Мамандардың пікірінше, бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы — қылмыстық іс аясында мәміленің «жалған» екенін дәлелдеу.

Заңгер Ғабит Өмірбековтің айтуынша, пәтерді қайтару мүмкіндігі тым төмен. Десе де, апелляциялық шағым түсіріп, Жоғарғы сот пен прокуратура арқылы істі қайта қаратуға мүмкіндік бар. Егер қылмыстық сот шешімінде пәтердің алдау арқылы сатылғаны нақты көрсетілсе, азаматтық іс нәтижесі өзгеруі мүмкін.

Похожие материалы

Пәтерді қайтару мүмкін бе? Алматыда алаяқтарға қарияның екі үйін алып қойған · Todayinfo