Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Павлодар облысында мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды

Биыл Павлодар облысында түнгі уақытта үйден тыс жерде ересек адамдармен еріп жүрмеген мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер ата-аналарға балалардың түнде көшеде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін жауапкершілік қарастыры

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Павлодар облысында мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды
Биыл Павлодар облысында түнгі уақытта үйден тыс жерде ересек адамдармен еріп жүрмеген мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер ата-аналарға балалардың түнде көшеде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мұндай серуендер кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз емес және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мысалы, Павлодарда сағат 00:00 шамасында М. Жүсіп көшесіндегі №386 үйдің жанында полиция қызметкерлері ересек адамдарсыз жүрген балаларды көріп, оларды полиция бөліміне жеткізген. Бөлімге балалардың ата-аналары шақырылып, оларға ескерту жасалып, әкімшілік хаттама толтырылған. Кенжекөл кентінде 14 жастағы жасөспірімнің скутермен жол апатын жасағаны анықталды. Бала зардап шеккен жоқ. Алайда оның ата-анасы жауапқа тартылды. Павлодар облысының ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Камзинаның айтуынша, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде болғаны үшін 1 007 адам жауапқа тартылған. 48 кәсіп иелеріне кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат бергені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. 316 ата-ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жазаланды.  

Похожие материалы

Павлодар облысында мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды · Todayinfo