Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Полиция шағымды қарамаған»: Нұрайды өлтірген жігіт оны оқып жүрген жерінен алып қашқан

Шымкентте жас жігіттің қолынан қаза тапқан студент Нұрай Серікбай туралы тың дерек тарады. Әлеуметтік желі қолданушысы марқұмның туыстарының рұхсатымен оқиғаның бүге-шүгесін баяндаған хатты жариялады, деп хабарлайды Todayinfo . Автордың айтуынша, Нұрай мен күдікті жазда өткен той

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Полиция шағымды қарамаған»: Нұрайды өлтірген жігіт оны оқып жүрген жерінен алып қашқан
Шымкентте жас жігіттің қолынан қаза тапқан студент Нұрай Серікбай туралы тың дерек тарады. Әлеуметтік желі қолданушысы марқұмның туыстарының рұхсатымен оқиғаның бүге-шүгесін баяндаған хатты жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Автордың айтуынша, Нұрай мен күдікті жазда өткен тойлардың бірінде танысқан.
«Қыздың қыр соңынан қалмай қойды, кейін қысым көрсетіп, қорқытуға көшті. Нұрайдың қарсылығына қарамастан оны Алматыдан Шымкентке күштеп алып қашты. Сол оқиғадан кейін жадырап жүретін Нұрайды жоғалттық. Тұйықталып қалды. Оған Аймахан Шерхан себеп болды», - деп жазылған хабарламада.
Автордың айтуынша, бойжеткенді туыстары алып қашқан күдіктінің үйінен алып кеткен. Бірақ Аймахан Шерхан оны аңдуды қоймаған, үнемі қорқытқан.
«Сол оқиғадан кейін оның өмірі тозаққа айналды. Аймахан Шерхан ұзақ уақыт Нұрайдың басқан ізін аңдумен айналысты. Қыз нөмірін бұғаттап тастаса, құрбыларына жазып мазалайтын. Нұрай бұл әрекеттерінің бәрін скриншотқа түсіріп, айғақтар жинап жүрді. Ол полицияға арызданды, бірақ құқық қорғау органдары оның шағымына тиісті назар аударған жоқ. Күдіктінің өзі «мені түрмеге отырғыза алмайсың» деп ашық айтатын», деп жазды автор.
Жазбаға сәйкес, күдікті бойжеткеннің сабақ кестесін қарап алып, оқу орнына келіп қорқытып жүрген. Қызды ағасы сабаққа әкеліп, алып кетіп жүруге мәжбүр болған. Автор жазғандай, қазір марқұмның туыстары әділдікті талап етеді.
«Аймахан Шерханды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тарту, оның ішінде: — адамның заңсыз бостандығын шектеу/ адам ұрлау (соның ішінде некеге мәжбүрлеу), — жүйелі аңду (сталкинг), — қорқыту, — адам өлтіру, және заң бойынша максималды жаза тағайындау және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) заң тұрғысынан бағалау, егер негіз болса, оларды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Біз әділдікті талап етеміз!»,- делінген хатта.
Еске салсақ, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды ер адам көшеде пышақтап өлтірген. Қазір күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

Похожие материалы

«Полиция шағымды қарамаған»: Нұрайды өлтірген жігіт оны оқып жүрген жерінен алып қашқан · Todayinfo