Todayinfo.kz
ПолитикаСмотреть все материалы

Премьер-министр Олжас Бектенов экс-шенеунік Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы екенін жоққа шығарды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірді. Журналистер шенеуніктен: «Сіз шынымен Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласысыз ба? Егер олай болмаса, онда кімнің күйеу баласысыз?» — д

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Премьер-министр Олжас Бектенов экс-шенеунік Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы екенін жоққа шығарды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірді. Журналистер шенеуніктен: «Сіз шынымен Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласысыз ба? Егер олай болмаса, онда кімнің күйеу баласысыз?» — деп нақты сұрақ қойды. Алайда Үкімет басшысы бұл қауескетке қатысты нақты жауап бергенмен, кімнің күйеу баласы екенін ашып айтпады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Олжас Бектенов бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ашық айтты.

«Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін. Мен – қарапайым қазақстандық отбасының күйеу баласымын. Ал қай отбасыға күйеу бала екенім – жеке мәлімет, оны жариялауды қажет деп санамаймын. Сіз атаған ақпарат – жалған», – деді премьер-министр.

Похожие материалы

Премьер-министр Олжас Бектенов экс-шенеунік Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы екенін жоққа шығарды · Todayinfo