Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Президент еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлады todayinfo тілшісі. «Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Президент еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлады todayinfo тілшісі. «Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын іске асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды президент өзінің Х парақшасына.

Похожие материалы

Президент еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады · Todayinfo