Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Президенттікке кандидат болған экс-депутат Рақымбеков 10 жастағы асыранды қызын зорлаған

Астаналық Айбота Рақымбекованы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлаған. Ол 1,5 жылдан бері осы сұмдықты дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап. Айбо

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Президенттікке кандидат болған экс-депутат Рақымбеков 10 жастағы асыранды қызын зорлаған
Астаналық Айбота Рақымбекованы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлаған. Ол 1,5 жылдан бері осы сұмдықты дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап. Айбота Рақымбекованың айтуынша, өзін 2006 жылы 10 жасында экс-депутат зорлаған. Мұндай жағдай екі рет болған дейді. Сондай-ақ оның анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Қазір ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады. 28 жастағы Айбота әкесінің озбырлығын дәлелдей алмай жүр. Айбота – Төлеутай Рақымбеков пен Салтанат Рақымбекованың асыранды қызы. Бірақ қыз мұны тек 25 жасында білген. Оны 6 айлығында ата-анасы нағашы әжесіне тастап кеткен. 5 жасына дейін әжесінің қолында өскен. Әжесі қайтыс болған соң, 2002 жылы экс-депутаттың отбасы оны асырап алады. Шын мәнінде Салтанат Рақымбекова – оның тәтесі, яғни туған анасының сіңлісі болған. Қыз өзінің зорланғанын былтыр ғана батылы жетіп айтты. 2023 жылы қарашада Төлеутай Рақымбековтің үстінен «Кәмелетке толмағанды зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

Похожие материалы

Президенттікке кандидат болған экс-депутат Рақымбеков 10 жастағы асыранды қызын зорлаған · Todayinfo