"Атап айтқанда, көміртегі оксидінің (CO) концентрациясы 17,45 болды, ал бір реттік шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) 5,0. Бұл белгіленген нормативтен шамамен 3,5 есе жоғары. Сондай-ақ күйе (қара көміртегі) бойынша да асып кету тіркелді: концентрациясы 0,528 мг/м³ болды, ал бір реттік ШРК 0,15 мг/м³. Бұл да нормативтен шамамен 3,5 есе жоғары", - деп хабарлады қала әкімдігінен.“Eco Almaty” ЖШС экологиялық мониторинг жүргізіп, шығарындылар көрсеткіштерін тіркейді. Анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат Алматы қаласының Экология департаментіне және табиғатты қорғау прокуратурасына одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды. Тексерулер тұрақты негізде жүргізіліп, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылауға және ластану көздерін анықтауға бағытталған.
«Қалыпты жағдайдан 3,5 есе жоғары»: ҚТЖ пойыздары Алматы халқын улап жатыр
Экологтар Алматы-2 вокзалында локомотивтердің шығарындыларында ластаушы заттар концентрациясының жоғарылағанын тіркеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. “Eco Almaty” ЖШС-нің мобильді экологиялық зертханасы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Алматы-2

Экологтар Алматы-2 вокзалында локомотивтердің шығарындыларында ластаушы заттар концентрациясының жоғарылағанын тіркеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Eco Almaty” ЖШС-нің мобильді экологиялық зертханасы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Алматы-2 вокзалы аумағында теміржол көлігінің ластаушы заттар шығарындыларына мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында локомотивтердің шығарынды газы өлшенді. Мониторинг нәтижелері бойынша жекелеген көрсеткіштер бойынша нормадан асып кету фактілері анықталды.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·