Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қанат Шарлапаев: "Журналистер сынаған соң ұялдым да, қазақ тілін үйрене бастадым"

"Атамекен" ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев алғаш рет қазақ тілінде сұхбат беріп, тіл үйренуіне журналистердің сыны түрткі болғанын айтты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қанат Шарлапаев: "Журналистер сынаған соң ұялдым да, қазақ тілін үйрене бастадым"
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қанат Шарлапаев алғаш рет толықтай қазақ тілінде сұхбат беріп, мемлекеттік тілді үйренуіне не түрткі болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Шарлапаевтың сұхбаты Adal Adam YouTube арнасында жарияланды. Жүргізуші бірнеше жыл бұрын, Шарлапаев министр болып тұрғанда, оның қазақшасы әлдеқайда нашар болғанын еске салды. Қазір палата басшысының тілі анағұрлым жатық. Тілді қалай меңгергені туралы сұраққа ол былай деп жауап берді.
«Бұл сұхбаттың өзі – мен үшін үлкен сынақ. Қазақ тілінде алғаш рет сұхбат беріп отырмын. Әлі де атқаратын жұмыс көп, тілді одан әрі жетілдіру керек. Қазір кәсіпкерлер де, мемлекеттік қызметкерлер де – көбі қазақтілді азаматтар. Оларға ойыңды жеткізу үшін, әрине, қазақша сөйлеу керек», - деді ол.
Сонымен қатар ол тіл үйренуге журналистердің сыны себеп болғанын мойындады.
«Шынымды айтсам, тіл үйрену үшін екі нәрсе керек: ынта мен уақыт. Кезінде журналистер менің қазақ тілін білмейтінімді сынаған еді. Сол кезде ұят болды да, тіл үйренуді қолға алдым. Репетитор жалдап, уақыт бөлу керек. Содан кейін қазақша сөйлесуге тырысу қажет», – деді Шарлапаев.
2023 жылы Қанат Шарлапаев министр қызметінде жүргенде журналистерге қазақ тілін күнделікті оқып жатқанын айтқан. Ол тіл білмеуін қандас мәртебесімен түсіндірген еді. Бұған дейін Шарлапаевтың Ресей және Ұлыбритания азаматтығы болған. Тумысынан берілген Ресей азаматтығынан кейін бас тартып, Қазақстан паспортын 2022 жылы алған. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қанат Шарлапаев: "Журналистер сынаған соң ұялдым да, қазақ тілін үйрене бастадым" · Todayinfo