Todayinfo.kz
АлматыСмотреть все материалы

Қаңтарда отқа оранған: Ұлттық арнаның Алматыдағы ғимараты желтоқсанда аяқталады

Алматыда «Қазақстан «РТРК» АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60% орындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Құрылысты қаржыландыру 93,3%

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қаңтарда отқа оранған: Ұлттық арнаның Алматыдағы ғимараты желтоқсанда аяқталады
Алматыда «Қазақстан «РТРК» АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60% орындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Құрылысты қаржыландыру 93,3% - ға Алматы қаласының бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) жүргізіледі. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығы кезеңіндегі есебінде айтылған. Алматы құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес, болашақ медиа орталық заманауи телестудиялармен, дыбыстық павильондармен, монтаждау залдарымен және іскерлік іс-шараларға арналған кеңістіктермен жарақтандырылатын болады. Техникалық жарақтандыру халықаралық деңгейде телевизиялық және кинематографиялық контент жасауға, сондай-ақ цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, технологиялық медиаорталық болады.

Похожие материалы

Қаңтарда отқа оранған: Ұлттық арнаның Алматыдағы ғимараты желтоқсанда аяқталады · Todayinfo