Нақты жылқылардың кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын ватцап чатқа таратқан. Нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.- Полиция қызметкерлері көлікті тексеру барысында көлікте 40 бас жылқы болды. Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен. Алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды, – деп қосты ведомство.
Қарағандыда жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды
Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, деп хабарлайды Todayinfo. 2-ші қараша күні таңғы сағат 4-тер шамасында, Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлерімен 57 жастағы азамат тізгініндег

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.
2-ші қараша күні таңғы сағат 4-тер шамасында, Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлерімен 57 жастағы азамат тізгініндегі КамАЗ автокөлігі тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·