Қарағанды облысында мемлекеттік мекемелер 27,3 млрд теңгені заңсыз жұмсамақ болған
[ad_1] Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы құны 27,3 млрд теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады. Атап айтқанда,

[ad_1]
Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы құны 27,3 млрд теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.
Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңгеге ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған. Бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілді.
[ad_2]
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·