Қаратау кенішінде 862 млн теңге жымқырылды: Антикор тергеуді аяқтады
Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС-ның бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), Iri building ЖШС

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС-ның бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), Iri building ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Антикордың мәліметінше, мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысының Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Ақша жымқыруда авторлық, техникалық қадағалау өкілдері сыбайлас болып, «Қаратау» ЖШС-ның басшылығы бұған немқұрайлы қарған. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Сондай-ақ Iri building ЖШС-ның иесіне іздеу жарияланған.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар Қостанай облысындағы бірегей «Шевченковское» кен орны қайтарылды. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·