Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қарызға батқан халық: қазақстандықтардың несие берешегі 25 трлн теңгеге жуықтады

Қазақстанның банк секторында бөлшек несиелеу көлемі айтарлықтай өсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша халыққа берілген қарыз көлемі 19,8% артып, 24,8 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.  Несие нарығының өсімі сақталғанымен, өткен жылдарме

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Қарызға батқан халық: қазақстандықтардың несие берешегі 25 трлн теңгеге жуықтады
Қазақстанның банк секторында бөлшек несиелеу көлемі айтарлықтай өсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша халыққа берілген қарыз көлемі 19,8% артып, 24,8 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.  Несие нарығының өсімі сақталғанымен, өткен жылдармен салыстырғанда қарқынның біршама бәсеңдегені байқалады. Мәселен, 2024 жылы өсім 23,9% болса, биыл бұл көрсеткіш төмендеген.
Қарыз құрылымы төмендегідей бөлінді:
  • Тұтынушылық несиелер: 21% өсіп, 16,7 трлн теңгеге жетті.
  • Ипотекалық қарыздар: 14,6% ұлғайып, 6,9 трлн теңгені құрады.
  • Автонесие: Ең үлкен динамика осы сегментте – өсім 42,4%, жалпы сомма 4 трлн теңге.
Агенттік мамандарының айтуынша, кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны 29,3%-дан 14,5%-ға дейін қысқарған. Бұл мемлекет тарапынан тәуекелдерді тежеу үшін қабылданған шаралардың нәтижесі. Жаңа несиелерді беру деңгейі де 22,6%-дан 6,1%-ға дейін төмендеді. 2025 жылдың желтоқсанында ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 18,3% болды (бір жыл бұрын 17% еді). Төлем мерзімін 90 күннен асырып алғандардың үлесі артып келеді. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, бұл көрсеткіш 4,3%-ды (1,07 трлн теңге) құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,8% деңгейінде болатын. Жалпы, еліміздегі банк активтері бір жылда 15% өсіп, 70,8 трлн теңгеге жетті. Коллаж: Ulysmedia

Похожие материалы

Қарызға батқан халық: қазақстандықтардың несие берешегі 25 трлн теңгеге жуықтады · Todayinfo