Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстан жаңа Конституция қабылдай ма: Тоқаев түпкілікті шешімді айтты

Президент Тоқаевқа Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні таныстырылды. Мемлекет басшысы Ата Заңның тағдырын референдум шешетінін айтты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қазақстан жаңа Конституция қабылдай ма: Тоқаев түпкілікті шешімді айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні таныстырылды. Мемлекет басшысы құжатты халық талқысына шығарып, түпкілікті шешімді республикалық референдумда қабылдау керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кездесуге Конституциялық сот төрайымы Эльвира Әзімова, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты.

Эльвира Әзімованың айтуынша, комиссия отырыстарындағы талқылаулар нәтижесінде Ата Заңның мүлде жаңа мәтіні әзірленген. Комиссия мүшелері бұл жоба конституциялық үлгіні айтарлықтай жаңғыртып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтетінін атап өтті.

Осыған байланысты олар құжатты Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде жариялап, халық назарына ұсыну қажет екенін жеткізді.

Президент атқарылған жұмысқа оң баға беріп, жаңа нұсқаны халықтың талқылауына шығарудың маңыздылығын қолдады.

"Жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайды", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Конституциялық комиссия Ата Заңның жаңа жобасы бойынша жұмысты жалғастырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қазақстан жаңа Конституция қабылдай ма: Тоқаев түпкілікті шешімді айтты · Todayinfo