Қазақстанда 400-ден аса процедура кабинеті заңсыз жұмыс істеген
Денсаулық сақтау министрлігі жеке процедуралық кабинеттерге қатысты ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр. Мониторинг нәтижесінде 406 нысанның лицензиясыз немесе ережеге сай емес жағдайда жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo . Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет өз е

Денсаулық сақтау министрлігі жеке процедуралық кабинеттерге қатысты ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр. Мониторинг нәтижесінде 406 нысанның лицензиясыз немесе ережеге сай емес жағдайда жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет өз еркімен жабылды — ведомство мұны жағдайды реттеу бағытындағы алғашқы нәтиже деп отыр.
Министрліктің мәліметінше, ең жиі кездесетін бұзушылықтар мыналар:
• лицензияның толық болмауы;
• санитарлық талаптардың сақталмауы;
• дәрілерді дұрыс сақтамау;
• білікті мамандардың жоқтығы.
Тіпті кейбір кабинеттерде жедел көмекке арналған базалық жиынтықтардың өзі болмаған.
Қалған медкабинеттер бойынша тексеріс жалғасуда. Қазірдің өзінде 84 жоспардан тыс бақылау аяқталып, нәтижесінде 15 млн теңгеден асатын айыппұл сомасымен 122 әкімшілік хаттама толтырылған.
Фото: Freepik
Похожие материалы

Новости
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·