Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанда 8 миллион азамат декларация тапсырудан босатылды

2025 жылы  Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялау жүйесі қайта қаралып,  8 миллионға жуық азамат  активтері мен міндеттемелері туралы есеп тапсырудан босатылды. Бұл жаңашылдық зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да жеке құрылымдар қызметке

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Қазақстанда 8 миллион азамат декларация тапсырудан босатылды
2025 жылы Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялау жүйесі қайта қаралып, 8 миллионға жуық азамат активтері мен міндеттемелері туралы есеп тапсырудан босатылды. Бұл жаңашылдық зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да жеке құрылымдар қызметкерлеріне қатысты. Фото: Canva.com Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, олардың жұбайлары, шетелде активтері бар немесе жылдық сатып алу сомасы 20 мың АЕК-тен (74 млн теңгеден) асқан тұлғалар декларация тапсыруды жалғастырады. Сонымен қатар, кез келген азаматқа ерікті түрде декларация тапсыру мүмкіндігі сақталады.

Экономист пікірі: мемлекет бәрін біледі

Экономист Расул Рысмамбетов бұл шешімді қоғамның сұранысы деп бағалады. Оның айтуынша, қолма-қол ақша дәуірі азайып, транзакциялар цифрлық форматқа көшкендіктен, мемлекет азаматтар туралы барлық қажетті ақпаратқа ие. Декларациялаудың негізгі мақсаты – қаржы ағындарын ашық ету.
"Бұл артық жұмыс болатын, себебі қағаз немесе онлайн толтыруды қажет етті. Қазір мемлекетте барлық деректер бар, сондықтан бұл шараның қажеті шамалы болды," – деді сарапшы.

Похожие материалы

Қазақстанда 8 миллион азамат декларация тапсырудан босатылды · Todayinfo