Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 11,5 пайызға көтерілді. Мұндай ақпаратты Energyprom сарапшылары ұсынды. Өңірлерге келсек, баға Астанада бір жылда 16,8%, Шымкентте 16%, Павлодар облысында – 14,3%, Қарағанды облысында 14,2% және Абай облысында 13,4%-ға қымбатта

Елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 11,5 пайызға көтерілді. Мұндай ақпаратты Energyprom сарапшылары ұсынды.
Өңірлерге келсек, баға Астанада бір жылда 16,8%, Шымкентте 16%, Павлодар облысында – 14,3%, Қарағанды облысында 14,2% және Абай облысында 13,4%-ға қымбаттады.
Ал баға қатты өзгермеген өңірлер қатарында Ақмола (4,9%), Маңғыстау (5,8%), Жетісу (7,1%) облыстары бар.
Елімізде қаңтар-мамыр аралығында 70,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,8%-ға артық.
Өңірлерге келсек, ең көп дәрі-дәрмек Шымкентте өндірілген. Қалада 29,1 млрд теңгеге өндірілсе, Қарағанды облысында 17,9 млрд теңге (жылына +70,4%), Алматы облысында 13,3 млрд теңгеге (-19,5%) дәрі-дәрмек шығарылды.
Қаңтар-сәуірде Қазақстанға 590,6 млн долларға дәрі-дәрмек импортталған. Қаржы жағынан өсім 29,3%-ды көрсетті.
ТМД елдерінен республикаға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстыранда 38%-ға көп. Ішінде ең көп өнімді Ресей жеткізген – 2,9 мың тонна. Үштікте Беларусь (670,9 тонна) және Украина (233,7 тонна) бар.
Басқа елдерден Қазақстанға 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады, бұл былтырмен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Қытайдан 1,2 мың тонна, Германиядан 880,7 тонна, Үндістаннан 850,9 тонна, Франциядан 514 тонна және Польшадан 442,1 тонна жеткізілді.
Похожие материалы

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Новости
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·