Қазақстанда кейбір тұлғаларға банк картасын алу қиындайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу бойынша жаңа өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады Todayinfo. Болашақ карта иелерін тексеру талаптары күшейтілмек. Банктер енді клиенттерді тәуекел санаттарына жатқызу арқылы қосымша бақылаудан өткізетін бол

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу бойынша жаңа өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады Todayinfo.
Болашақ карта иелерін тексеру талаптары күшейтілмек. Банктер енді клиенттерді тәуекел санаттарына жатқызу арқылы қосымша бақылаудан өткізетін болады.
Күдік тудыруы мүмкін тұлғалар:
✅ Бір банктен 5 және одан көп төлем картасын рәсімдегендер;
✅ Бірнеше банктен 5-тен көп төлем картасының иелері;
✅ Есірткі тасымалдау қаупі жоғары елдердің резиденттері;
✅ Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхаты жоқ бейрезиденттер;
✅ 14-25 жас аралығындағы жастар.
Бұл өзгерістер ақшаны жылыстатуға, алаяқтық әрекеттерге және күмәнді қаржылық операцияларға қарсы күрес мақсатында енгізілуде.
Жаңа талаптар күшіне енген жағдайда, банктер карталар ашу кезінде қосымша құжаттар талап етуі немесе карта шығарудан бас тартуы мүмкін.
Похожие материалы

Новости
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·