Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынады: жаңа Конституция қандай өзгеріс әкеледі?

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді. Құжат өлім жазасына толық тыйым салып, адам құқығын басты орынға қояды.

Автор Мұхтар Жексенбай··2 мин чтения
Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынады: жаңа Конституция қандай өзгеріс әкеледі?
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай ғалымдармен және IT мамандарымен кездесуінде жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтарын талқылады. Оның айтуынша, жаңа Ата заң – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың заңды жалғасы және ол адам құқықтарын басты орынға қояды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Кездесу Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті. Сенатор өз сөзінде жаһандық өзгерістер кезінде Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртудың маңызы зор екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл құжат елдің ұзақмерзімді даму стратегиясын айқындап, тәуелсіздік пен тұрақтылықты нығайтады. Бибігүл Жексенбай жаңа Конституцияның ең басты құндылығы – адам екенін ерекше атап өтті. Жоба бойынша адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып бекітіледі. Мәселен, өмір сүру құқығы, сөз бен шығармашылық еркіндігі, жеке өмірге қол сұқпаушылық және цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау сияқты нормаларға нақты құқықтық кепілдік беріледі. Ең маңызды өзгерістердің бірі – өлім жазасына толық тыйым салу. Сондай-ақ депутат жаңа басқару моделіне де тоқталды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
"Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол білімге, инновацияға және адам капиталына негізделген ұзақмерзімді ұлттық даму моделінің іргетасы", - деді сенатор.
Ол Ұлттық құрылтайда көтерілген білім, ғылым және инновацияны стратегиялық басымдық ету, цифрландырудың негізін қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты бастамалардың жаңа Ата заңда көрініс тапқанын жеткізді. Кездесу соңында Бибігүл Жексенбай алдағы референдум ел болашағы үшін маңызды шешім екенін айтып, қазақстандықтарды белсенді дауыс беруге шақырды. Фото: Әлеуметтік желі

Похожие материалы

Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынады: жаңа Конституция қандай өзгеріс әкеледі? · Todayinfo