Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 158,1 миллиард теңге сомасында зей
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін жария етті, деп хабарлайды
Todayinfo.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен
3 триллион 158,1 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді. Оның ішінде:
- Базалық зейнетақы төлеміне – 1 триллион 22,1 миллиард теңге;
- Ынтымақты зейнетақы төлеміне – 2 триллион 136 миллиард теңге бағытталды.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің жалпы саны
2 миллион 510 мың адамды құрайды.
Орташа зейнетақы мөлшері қанша?
Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін
орташа жиынтық зейнетақының мөлшері 142 810 теңгені құрады. Оның ішінде:
- Ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 249 теңге;
- Базалық зейнетақы мөлшері – 47 561 теңге.
Айта кетейік, 1 қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда бұл сома сәл төмендеген. Ол кезде орташа жиынтық зейнетақы
142 894 теңгені (ынтымақты – 95 326 теңге, базалық – 47 568 теңге) құраған болатын.
Зейнетақы жүйесін реформалау
Бұған дейін, 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент Тоқаев зейнетақы жинақтарының төмен деңгейін сынап, Үкіметке зейнетақы жүйесіне қатысты тәсілдерді шұғыл қайта қарауды тапсырған еді.
Осыған орай, қазан айының ортасында Еңбек министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – ұлттық зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдерін талқылау болды.
Талқыланған негізгі мәселелердің қатарында:
- Ынтымақты және жинақтаушы компоненттердің арақатынасы;
- Базалық зейнетақыны есептеу қағидаттары;
- Қолданыстағы зейнетақы жарналарының мөлшерлемесінің жеткіліктілігі;
- БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алудың болашақ төлемдерге әсері;
- Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жинақтаушы жүйеге тарту шаралары бар.