«В.Г.К.» ЖШС-нің Қырғыз Республикасы аумағындағы алтын өндірумен, кендер мен бағалы металдарды байытумен айналысатын иесі бола отырып, В.Жұманбаев алтын өндіруші компанияның жауапты қызметкерлері арқылы Қ.Асанбекке 2021-2023 жылдар аралығында ай сайын 1 млн сом жіберіп отырған. Іздеудегі азамат Қ.Асанбекпен Ыстықкөл облысында орналасқан «Барс» демалыс базасының аумағында кездесіп, демалған. Бұл жерге ол жеке ұшақпен келгені атап өтілген. Сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексеру аясында «В.Г.К» ЖШС қызметі кірістерінің нақты көрсеткіштерін жасыру мақсатында Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарына алтын кенін өндіру туралы жалған мәліметтер беру фактілері анықталған. Бішкек қаласының Октябрь аудандық сотының қаулысымен В.Жұманбаевқа қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған тұлғаға қылмыстық қудалау үшін мемлекетаралық іздеу жарияланды. Владимир Жұманбаев туралы не белгілі Оның байлығы 440 миллион долларға бағаланған. «Вертекс Холдинг» ЖШС арқылы «Goldstone Minerals» АҚ-ның акцияларын бақылайды және «Kaz Green Energy» ЖШС мен «Unitair» ЖШС акцияларына ие, сондай-ақ «АК Алтыналмас» АҚ, «Қаражыра» АҚ акцияларының 20%-на иелік етеді."Аталған тұлға Қ.Асанбектің қылмыстық қоғамдастықтың құрамындағы кәсіпкерлерден рэкет, бопсалау түріндегі заңсыз әрекеттерден жүйелі түрде қаражат алуы, сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны, сондай-ақ оның «адам өлтіру», «адам ұрлау» және «қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) ұйымдастыру» баптарымен аса ауыр қылмыстар бойынша талай рет сотталғанын біле тұра, Қырғыз Республикасының аумағында бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін қолдау және қамқорлық алу мақсатында Қ.Асанбекпен байланыс орнатқан", - делінген хабарламада.
Қазақстандық олигархқа Қырғызстанда іздеу жарияланды
ҰҚМК мәліметінше, тергеу амалдары аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарында Қазақстанның ірі бизнесмендерінің бірі Владимир Жұманбаевтың «Ағайындар ортасы» халықаралық қылмыстық тобының құ

ҰҚМК мәліметінше, тергеу амалдары аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарында Қазақстанның ірі бизнесмендерінің бірі Владимир Жұманбаевтың «Ағайындар ортасы» халықаралық қылмыстық тобының құрамына кірген «Заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·