Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанның 8 азаматы бар: Тайландта 52 турист отырған кеме теңізге батып кетті

Таиландтың Пхукет аралы маңында балықшылар кемесі мен туристік катер соқтығысып, салдарынан жиырмадан аса адам зардап шекті, деп хабарлайды Todayinfo . Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, катер бортында сегіз Қазақстан азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге жеде

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қазақстанның 8 азаматы бар: Тайландта 52 турист отырған кеме теңізге батып кетті

Таиландтың Пхукет аралы маңында балықшылар кемесі мен туристік катер соқтығысып, салдарынан жиырмадан аса адам зардап шекті, деп хабарлайды Todayinfo.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, катер бортында сегіз Қазақстан азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілген. Үш қазақстандық ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Емдеу шығындары сақтандыру компаниясы есебінен өтеледі. Консулдық қызмет азаматтармен тұрақты байланыста отыр, қажетті қолдау көрсетіп жатыр.

Оқиға 11 қаңтар күні Андаман теңізінде, Пхукет жағалауында болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:55-те Korawich Marine 888 экскурсиялық катері балықшылар кемесімен соқтығысқан. Катерде барлығы 55 адам болған, оның 52-і турист,  үшеуіэкипаж мүшесі болған.

Апаттан кейін туристер мінген кеме корпусы зақымданып, суға батып кеткен. 18 жастағы Ресей Федерациясының азаматы қаза тауып, 23 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алған.

Фото: скрин

Похожие материалы

Қазақстанның 8 азаматы бар: Тайландта 52 турист отырған кеме теңізге батып кетті · Todayinfo