Багдат Мусин мемлекеттік цифрландыру саласында қызмет атқарып, елдегі ірі IT-жобаларды басқарған кезеңде, оның отбасы төңірегінде fintech-сервистер, IT-стартаптар, құрылыс компаниялары, жылжымайтын мүлік, SPA-желілер мен АХҚО юрисдикциясындағы холдингтерден тұратын жеке бизнес-экожүйе қалыптасты. Соңғы жылдары Мусиндерге қатысы бар компаниялардың салық төлемдері бірнеше есе өсіп, кейбір құрылымдардың айналымы ірі өңірлік ойыншылар деңгейіне жеткен. Todayinfo.kz Мусиннің отбасылық бизнесі туралы жан-жақты материал жариялады.
Мусиннің цифрлық империясы
Шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектор басшылары цифрлық трансформация туралы айтқанда, әдетте мемлекеттік саясат меңзеледі. Алайда Бағдат Мусин жағдайында цифрландыру тек мемлекеттік бағыт қана емес, табысты отбасылық бизнеске де айналған секілді.
«Қазақтелеком» цифрлық сервистер нарығын игеріп жатқанда, Мусин жеке құрылымдар арқылы fintech, бағдарламалық жасақтама әзірлеу және стартаптардан тұратын жеке IT-экожүйесін қалыптастырған.
Осы экожүйедегі негізгі активтердің бірі – 2019 жылдың қазан айында Астанада тіркелген «Beintech» ЖШС. Компания технологиялық стартаптар мен IT-әзірлемелер саласында жұмыс істейді. eGov мәліметінше, оның екі құрылтайшысы бар: Данияр Асанов және толықтай Багдат Мусинге тиесілі BeInTech Kazakhstan Ltd. жеке компаниясы.
Компанияның қаржылық өсімі де назар аудартады. Егер 2020 жылы «Beintech»-тің салық төлемдері небәрі 31 мың теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 38 млн теңгеге, ал 2025 жылы 48 млн теңгеден асқан.
«Beintech» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 0 ₸
2020 ж. — 31 527 ₸
2021 ж. — 617 503 ₸
2022 ж. — 2 757 445 ₸
2023 ж. — 6 584 833 ₸
2024 ж. — 37 906 667 ₸
2025 ж. — 48 365 389 ₸
2026 ж. — 1 079 560 ₸
Компания құрылымында үш еншілес ұйым бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы – re:Kassa fintech-жобасына иелік ететін «Comrun» ЖШС.
re:Kassa және Halyk Bank-пен мәміле
«Comrun» компаниясы 2018 жылы Астанада тіркелген. Ол бағдарламалық код әзірлеу, бағдарламаларды сүйемелдеу, дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерді дамыту бағытында жұмыс істейді.
Салық төлемдері бұл құрылымның ірі IT-бизнеске айналғанын көрсетеді:
«Comrun» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 1 427 084 ₸
2020 ж. — 322 120 ₸
2021 ж. — 6 907 187 ₸
2022 ж. — 11 665 127 ₸
2023 ж. — 21 909 796 ₸
2024 ж. — 36 203 667 ₸
2025 ж. — 92 090 229 ₸
2026 ж. — 149 347 071 ₸
2026 жылдың наурыз айының соңында «Comrun»-ды Halyk Bank сатып алатыны белгілі болды.
Мәліметтерге сәйкес, банк re:Kassa сервисіне иелік ететін компанияның 100% үлесін алмақ. Келісімге 2025 жылдың желтоқсанында қол қойылған, ал сатушы ретінде «Beintech» көрсетілген. Алайда мәміле сомасы жарияланбаған.
Соған қарамастан, 2026 жылғы 11 мамырдағы eGov деректерінде «Beintech» әлі де «Comrun»-ның құрылтайшысы ретінде көрсетілген.
Басқа IT-жобалар
«Beintech»-тің екінші еншілес компаниясы – «Toolpar» ЖШС. Ол ресми түрде «өзге жеке қызметтер көрсету» бағытымен тіркелгенімен, іс жүзінде цифрлық сервистер мен бөлшек сауда саласында жұмыс істейді.
Құрылтайшылардың қатарында Tastamat автоматтандырылған сәлемдеме беру сервисінің негізін қалаушылардың бірі Әлішер Қоғабаев бар.
«Toolpar» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 6 802 482 ₸
2020 ж. — 395 555 ₸
2021 ж. — 391 228 ₸
2022 ж. — 7 921 320 ₸
2023 ж. — 22 784 557 ₸
2024 ж. — 9 230 807 ₸
2025 ж. — 1 730 785 ₸
2026 ж. — 441 055 ₸
Үшінші еншілес ұйым – «Nordal» ЖШС. Ол бағдарламалық жасақтама әзірлеу және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулермен айналысады.
Құрылтайшылар қатарында Даурен Қаженов және «ҚазМұнайГаз» еншілес құрылымы – «KMG Systems & Services» басшысы Арман Қоспаев бар.
«Nordal» ЖШС-нің салық төлемдері:
2017 ж. — 1 155 700 ₸
2018 ж. — 560 070 ₸
2019 ж. — 1 318 486 ₸
2020 ж. — 942 309 ₸
2021 ж. — 3 919 186 ₸
2022 ж. — 6 414 850 ₸
2023 ж. — 13 990 408 ₸
2024 ж. — 7 187 061 ₸
2025 ж. — 3 531 795 ₸
2026 ж. — 822 851 ₸
АХҚО-дағы холдинг
2025 жылдың 19 қарашасында Багдат Мусин Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында BeInTech Kazakhstan Ltd. компаниясын тіркеген.
Компания холдингтік құрылымдар қызметімен айналысады. Оның басшысы – Мусиннің жұбайы Дина Ауғанбаева-Мусина, ал жалғыз құрылтайшы – Багдат Мусиннің өзі.
2026 жылы компания мемлекеттік бюджетке шамамен 2,3 млн теңге салық төлеген.
Жұбайының бизнесі: SPA мен стартаптар
Дина Ауғанбаева-Мусина да технологиялық платформалардан бастап SPA-салондарына дейінгі жеке бизнес желісін дамытып келеді.
Оның негізгі активтерінің бірі – «Naimi.kz» сервисі. Бұл тұрмыстық қызмет көрсететін мамандарды іздеуге арналған мобильді платформа.
Компания құрылтайшылары қатарында Тимур Турлов, Ерлан Есімсейітов, Қуаныш Молдабек, Абай Сейітқасов, Кристина Седлецкая және Сұлтан Мусин бар.
«Naimi.kz» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 2 936 525 ₸
2020 ж. — 293 824 ₸
2021 ж. — 3 835 471 ₸
2022 ж. — 8 089 545 ₸
2023 ж. — 13 912 785 ₸
2024 ж. — 20 040 378 ₸
2025 ж. — 16 906 744 ₸
2026 ж. — 6 202 936 ₸
Сонымен қатар Дина Ауғанбаева-Мусина тай массажы мен SPA-салондарының «Имбирь» желісін дамытып отыр. Бұл бизнес «Imbir Group» ЖШС арқылы жүргізіледі.
«Imbir Group» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 1 253 217 ₸
2020 ж. — 31 973 ₸
2021 ж. — 616 161 ₸
2022 ж. — 6 861 275 ₸
2023 ж. — 6 999 674 ₸
2024 ж. — 96 186 626 ₸
2025 ж. — 102 974 693 ₸
2026 ж. — 19 923 420 ₸
Ағасының бизнесі
Багдат Мусиннің ағасы Қуат Мусин де бірқатар компанияларға иелік етеді.
2023 жылы ол Астанада «Kuat Capital» ЖШС-н тіркеген. Компания коммерциялық қызмет пен басқару мәселелері бойынша консалтингпен айналысады.
«Kuat Capital» ЖШС-нің салық төлемдері:
2023 ж. — 2 566 290 ₸
2024 ж. — 25 178 380 ₸
2025 ж. — 61 901 037 ₸
2026 ж. — 19 916 437 ₸
Компанияның негізгі активтерінің бірі – Қарағанды облысындағы жер жұмыстары саласында жұмыс істейтін «Realprom» ЖШС.
«Realprom» ЖШС-нің салық төлемдері:
2019 ж. — 2 525 ₸
2020 ж. — 0 ₸
2021 ж. — 34 593 541 ₸
2022 ж. — 317 667 326 ₸
2023 ж. — 719 676 621 ₸
2024 ж. — 413 768 029 ₸
2025 ж. — 510 838 390 ₸
2026 ж. — 128 835 318 ₸
Сонымен қатар «Kuat Capital» құрамына:
«Service Stroy KRG»,
«Realcom»,
«Realfarm»,
«Lafayette» компаниялары кіреді.
«Service Stroy KRG» ЖШС-нің салық төлемдері:
2021 ж. — 29 170 ₸
2022 ж. — 977 235 ₸
2023 ж. — 26 580 361 ₸
2024 ж. — 106 982 881 ₸
2025 ж. — 175 488 457 ₸
2026 ж. — 28 312 122 ₸
«Realcom» ЖШС-нің салық төлемдері:
2020 ж. — 242 269 ₸
2021 ж. — 2 693 387 ₸
2022 ж. — 20 514 985 ₸
2023 ж. — 10 046 219 ₸
2024 ж. — 3 151 359 ₸
2025 ж. — 23 521 246 ₸
2026 ж. — 91 788 486 ₸
Осылайша, Мусиндер отбасының айналасында цифрлық сервистерден бастап құрылыс, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және саудаға дейінгі салаларды қамтитын көпсалалы бизнес-топ қалыптасқаны байқалады.
Материалда бұл өсімнің Багдат Мусиннің мемлекеттік және квазимемлекеттік жүйедегі ықпалды кезеңімен тұспа-тұс келуі қоғамда түрлі сұрақ туғызатыны айтылған.




