Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазгидромет ескертуінен кейін Астанада сабақ тоқтатылды: кімдер үйден оқиды

Астанада 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Түнде -26 градус аяз болады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қазгидромет ескертуінен кейін Астанада сабақ тоқтатылды: кімдер үйден оқиды

Астанада қатаяған аязға байланысты мектеп оқушылары тағы да қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 26 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары сабақты үйден оқитын болды.

Бұл шешім «Қазгидромет» РМК болжамына сүйеніп қабылданған. Синоптиктердің мәліметінше, елордада түнде ауа температурасы -24...-26°C дейін төмендейді, ал күндіз -17...-19°C болады.

Бұған дейін елордада 24 және 25 ақпан күндері де қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар онлайн форматта білім алған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қазгидромет ескертуінен кейін Астанада сабақ тоқтатылды: кімдер үйден оқиды · Todayinfo