Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қол астындағы қызметкерін ұрып-соққан подполковник жұмыстан қуылды

Қостанайда соттың шешімімен әскери қызметшіні ұрып-соққан полполковник жұмыстан қуылды.  ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының подполковник шеніндегі Д.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Басшылық қызметті а

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Қол астындағы қызметкерін ұрып-соққан подполковник жұмыстан қуылды
Қостанайда соттың шешімімен әскери қызметшіні ұрып-соққан полполковник жұмыстан қуылды.  ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының подполковник шеніндегі Д.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Басшылық қызметті атқару барысында Д. тікелей басшысының және басқа да қызметкерлердің көзінше қарамағындағы А.-ны ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған. Осылайша, полполковник өз өкілеттілігін асыра пайдаланған. «Ақмола гарнизонының әскери соты 2024 жылғы 23 мамырда әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. Полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков бұл іске қатысы бар әскерилердің жауапқа тартылғанын атап өтті.
"Зардап шеккен әскери қызметшінің басшысы Д. бұл фактіні жасырып, сондай-ақ  әскери қызметші А.-ны көзден таса ұстауға тырысқан. Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, шағымды қарау аясында Д. басшы қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.
 
 

Похожие материалы

Қол астындағы қызметкерін ұрып-соққан подполковник жұмыстан қуылды · Todayinfo