Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қонаевта 8 гектар қамыс өртенді: жалын тұрғын үйлерге жете жаздады

Қонаев қаласында аквапарк маңындағы құрғақ шөп пен қамыс өртенді. 8 гектар аумақты шарпыған жалын жеке тұрғын үйлерге тарап кете жаздады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қонаевта 8 гектар қамыс өртенді: жалын тұрғын үйлерге жете жаздады

Қонаев қаласында аквапарк маңындағы қамыс өртеніп, жалын тұрғын үйлерге тарап кете жаздады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама аквапарк ауданынан түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар келгенде қалың қамыс жанып, оттың жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі туындағаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынның үйлерге өтуіне жол бермеді.

Алдын ала дерек бойынша, шамамен 8 гектар аумақтағы қамыс пен қоқыс жанып кеткен. Қуанышқа орай, оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қонаевта 8 гектар қамыс өртенді: жалын тұрғын үйлерге жете жаздады · Todayinfo