Қоқысты кәдеге жарату: тазалық пен экологияның жаңа дәуірі
Қоқысты кәдеге жарату, қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру қазіргі ғаламдық жылыну үрдісінің үдеп келе жатқан кезеңінде еліміз үшін өте өзекті мәселе. Оны шешуге қадамдар да жасалып, қалдықтарды сұрыптайтын, өңдейтін компаниялар да өз жұмысын бастаған. Соның бірі Астана қа

Қоқысты кәдеге жарату, қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру қазіргі ғаламдық жылыну үрдісінің үдеп келе жатқан кезеңінде еліміз үшін өте өзекті мәселе. Оны шешуге қадамдар да жасалып, қалдықтарды сұрыптайтын, өңдейтін компаниялар да өз жұмысын бастаған.
Соның бірі Астана қаласындағы «ECO start AST» компаниясы. Ол механикалық, инфрақызыл және оптикалық сұрыптау сияқты заманауи сұрыптау технологияларын қолдана отырып, қоқыстарды жоюмен айналысады. Ұйым 4 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп, білім беру бағдарламаларын белсенді жүргізіп, қоқыс өңдеуде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып келеді.
«ECO start AST» компаниясы сұрыптаудың озық әдістерін қолданады. Механикалық, инфрақызыл және оптикалық сұрыптау сияқты заманауи технологиялар қайта өңдеудің тиімділігі мен дәлдігін айтарлықтай жақсартады.
«Мен үшін компанияда жұмыс істеу – бұл ақша табудың жолы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға оңтайлы өзгерістер әкеле алу мүмкіндігі. Мен бұл жерде заманауи технологиялар арқылы қоқысты кәдеге жаратуға болатынын және білім беру бағдарламаларының көмегімен қоршаған орта туралы қоғамның сауатын арттыруға болатынын байқадым. Осы жұмысты істеу арқылы күш-жігерімді тек өз болашағыма ғана емес, қаламыздың болашағына да жұмсаймын. Өз қызметімді адал атқару арқылы күн сайын таза және жасыл ортаны құруға өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан тұтамын!», - дейді компания қызметкері Алмас Баянбаев.
Қоқысты кәдеге жаратудың артықшылығы көп. Ол таза және экологиялық тұрақты қаланы құруға ықпал етеді, қоршаған ортаға зиянды заттардың тарауын азайтады. Сонымен қатар, материалдарды қайта өңдеу арқылы ресурстарды қалпына келтіру көзі бола алады. Бұл артықшылықтар ұзақ мерзімді перспективада қаланың әл-ауқатына және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз.
Нұрбол Құлмағанбет
Фото: John Cameron
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·