Қостанайда студент 11 жылға сотталды
Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын. Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамал

Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын. Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі. Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді.
Сондай-ақ үйден электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге. Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен 2 айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай полициясы 63 келі түрлі есірткіні тәркіледі.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·