Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Құранды қазақша сөйлеткен тұлға: Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы дүние салды

Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 84 жасында өмірден озды. Ол Құранды қазақшаға аударып, 68 мешіт салдырған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Құранды қазақша сөйлеткен тұлға: Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы дүние салды

84 жасқа қараған шағында Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі, белгілі дін қайраткері Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы тәуелсіз Қазақстанның діни басқармасын құруға атсалысқан тұлғалардың бірі. Ол 1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бірінші құрылтайында Бас мүфти болып сайланды. Марқұм 1975 жылы Ливиядағы университетті үздік бітіріп, жеті тілді, соның ішінде араб, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Оның ең басты еңбектерінің бірі – Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару ісіне жетекшілік етуі. 1991 жылы оның қатысуымен аударылған қасиетті кітап 200 мың данамен басылып шықты. Сондай-ақ, Рәтбек қажының ұйымдастыруымен елімізде 68 мешіттің құрылысы жүрді.

Бас мүфти қызметінде ол діни сауаттылық пен ағартушылыққа ерекше көңіл бөлді. Оның бастамасымен 600-ге жуық имам Түркия мен Мысырда білім алып, елге оралды. Сонымен қатар, ол 15-ке жуық діни-танымдық кітаптың авторы.

Рәтбек қажы кейінгі жылдары Алматы облысының Есік қаласында тұрып, жергілікті мешітте имамдық қызмет атқарды. 2020 жылы оның еңбегін мемлекет жоғары бағалап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады.

Фото: Ұлысмедиа

Похожие материалы

Құранды қазақша сөйлеткен тұлға: Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы дүние салды · Todayinfo