Қырғызстандағы сел: қаза тапқандар саны өсті
Қырғызстан ТЖМ 29 маусым күні кешке сел тасқыны кезінде опат болған тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Көз жұмған адамның жеке басы нақтыланады. Осылайша, құрбан болғандар саны сегіз адамға жетті. 24.kg жергілікті басылымы құрбандардың көбі жасөспірімдер болғанын жазад

Қырғызстан ТЖМ 29 маусым күні кешке сел тасқыны кезінде опат болған тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Көз жұмған адамның жеке басы нақтыланады.
Осылайша, құрбан болғандар саны сегіз адамға жетті. 24.kg жергілікті басылымы құрбандардың көбі жасөспірімдер болғанын жазады. Олардың екеуі 11, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста.
Қаза тапқандардың арасында екі әйел бар. БАҚ-тың хабарлауынша, көпшілігі бір-бірінің туыстары.
Еске сала кетейік, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болып, тұрғындар мен туристер опат болды.
Қырғызстан ТЖМ алдын ала деректері бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Атап айтқанда, қазақстандық екі баланың денесі табылған. Тағы екеуін іздестіріп жатыр.
Похожие материалы

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Новости
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Новости
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·