«Қыз Жібек» қамзолы: Баян Алагөзованың қолындағы түпнұсқа комзол екенін Өтекешова растады
«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова дауға айналған камзолдың түпнұсқа екенін растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Журналист Гүлбану Әбенованың мәліметінше, актриса бірнеше күннен бері қоғам талқысына түскен жәдігердің шынайылығ
Автор Әмірболат Құсайынұлы··2 мин чтения

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова дауға айналған камзолдың түпнұсқа екенін растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Журналист Гүлбану Әбенованың мәліметінше, актриса бірнеше күннен бері қоғам талқысына түскен жәдігердің шынайылығына күмән жоқ екенін жеткізген. Оның айтуынша, продюсер Баян Алагөзованың қолындағы қамзол фильмде пайдаланылған түпнұсқа бұйым.
Меруерт Өтекешованың сөзіне қарағанда, түсірілімнен кейін көптеген реквизит пен сахналық киімдер әртүрлі адамдардың қолына тарап кеткен. Актриса музей қорында сақталған жалғыз нұсқаның өзі тиісті деңгейде күтім көрмей отырғанына алаңдаушылық білдірген. Сонымен қатар қазіргі таңда дауға себеп болған камзолдың жеке үйде, қарапайым жағдайда сақталып жатқанын айтқан.
Соған қарамастан, актриса жәдігердің нақты қай жерде сақталуы тиіс екеніне қатысты пікір білдіруден тартынған. Оның бұл тақырыпты одан әрі ушықтырғысы келмейтіні аңғарылады.
Ал Гүлбану Әбенова өз жазбасында актрисаның биыл ақпан айында 75 жасқа толғанын еске салып, камзол төңірегіндегі жағдайдың түрлі болжам тудырып отырғанын жеткізген.
Еске салайық, 17 сәуірде продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде «Қыз Жібек» фильміндегі камзолды сыйға алғанын жариялаған еді. Бұдан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған тарихи реквизиттің жеке меншікке қалай өткенін тексеретінін мәлімдеді. Алайда продюсер бұл бұйымды қайтармайтынын және ұзақ уақыт бойы ешкім іздемегенін алға тартып отыр.
Похожие материалы

Общество
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании
Жаннұр Еділбаева·

Общество
Поехал работать: 22-летнего казахстанца суд Дубая приговорил к пожизненному заключению
Әмірболат Құсайынұлы·

Общество
«Вокруг сплетен, остались в привычке критиковать друг друга»: экс-миллиардер Гульзада Салим рассказала о недостатках народа (ВИДЕО)
Әмірболат Құсайынұлы·

Общество
11 адам ауруханаға жеткізілді: Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Әмірболат Құсайынұлы·