Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қызметкерлері қатігездік пен жауапсыздық танытқан»: бала өліміне кінәлі Air Astana сотта жеңілді

Алматы тұрғынының шағымы негізінде қозғалған іс бойынша сот Air Astana әуе компаниясының әрекетін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Todayinfo . Сот шешіміне сәйкес, өздігінен қозғала алмайтын, ауыр дертке шалдыққан 6 жасар балаға әуежайда мүгедектерге арналған арба ұсынылған. Ала

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Қызметкерлері қатігездік пен жауапсыздық танытқан»: бала өліміне кінәлі Air Astana сотта жеңілді
Алматы тұрғынының шағымы негізінде қозғалған іс бойынша сот Air Astana әуе компаниясының әрекетін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Todayinfo. Сот шешіміне сәйкес, өздігінен қозғала алмайтын, ауыр дертке шалдыққан 6 жасар балаға әуежайда мүгедектерге арналған арба ұсынылған. Алайда бұл оның медициналық қажеттіліктеріне сай келмеген. Сонымен қатар реаниматолог-дәрігер мен баланың анасымен бірге келген арнайы жедел жәрдем көлігі әуежай аумағына жіберілмеген, сондай-ақ компания жедел жәрдем қызметін де ұйымдастырмаған. Салдарынан бала ұшақтан терминалға жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған амбулифт арқылы жеткізілген. Ал бұл құрылғы ауыр халдегі жолаушылар үшін арналмаған. Нейрохирург дәрігердің айтуынша, бала жатқызылған күйде ғана тасымалдануы тиіс болған. Алайда Air Astana компаниясы оның жағдайын біле тұра, халықаралық әуежай әкімшілігіне реанимобиль қажет екенін алдын ала хабарламаған. Сонымен қатар шекаралық бақылаудан өту кезінде баланың көзіндегі таңғышты күштеп шешіп алып, суретке түсірген. Бұл оның жағдайын одан әрі нашарлатқан. Келесі күні бала ауруханаға жатқызылып, ақпан айында көз жұмған. Сот шешімімен Air Astana компаниясы зардап шеккен тарапқа моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Фото: Air Astana

Похожие материалы

«Қызметкерлері қатігездік пен жауапсыздық танытқан»: бала өліміне кінәлі Air Astana сотта жеңілді · Todayinfo