Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордада 20 млрд теңгеге тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салынады

Қызылордада Президент тапсырмасымен құны 20 млрд теңге тұратын тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театры салынады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қызылордада 20 млрд теңгеге тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салынады
Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құны 20 миллиард теңге тұратын заманауи кітапхана мен жаңа драма театрының құрылысы басталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа мәдени нысандардың құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл жобаларды іске асыру туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында мәлімдеген еді.
"Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі", – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Инвесторлардың қолдауымен салынатын көпфункционалды кітапхана жобасына 20 миллиард теңге бөлінген. Ғимараттың аумағы 13 000 шаршы метрді құрайды және онда 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға мүмкіндік бар. Жоба бойынша кітапхана жылына 250-300 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Ең басты ерекшелігі – жаңа кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда заманауи оқу залдары, цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге арналған электронды бөлме, инновациялық медиа-зертхана және подкаст студиясы болады. Ал жаңа драма театрының құрылысы өңірдегі театр сүйер қауым үшін көптен күткен жаңалық болды. Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театры тек өткен жылдың өзінде төрт бірдей халықаралық фестивальде топ жарған. Жаңа ғимарат әртістердің дайындығына, ауқымды декорациялар құруға және қойылым сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы

Қызылордада 20 млрд теңгеге тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салынады · Todayinfo