Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды: Нысанға 2,9 млрд теңге бөлінді

Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды. «Қазақстан халқына» қоры қолдаған жобаға 2,9 млрд теңге бөлініп, 131 адамға жағдай жасалды.

Автор Мұхтар Жексенбай··2 мин чтения
Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды: Нысанға 2,9 млрд теңге бөлінді

Қызылорда қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған инклюзивті спорт орталығы елге есігін ашты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртты жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтап, салауатты өмір салты мен спорттың қоғамдағы рөліне тоқталды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғыру кезеңі туралы айтқан пікірін еске салды.

«Міне, бүгін өздеріңізбен бірге «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығын ел игілігіне береміз. Жобаға 2 млрд 900 млн теңге бөлінді», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Әкімдіктің мәліметінше, орталықта волейбол ойнауға, күреспен айналысуға және жалпы дене дайындығын күшейтуге арналған залдар қарастырылған. Нысан бір мезетте 131 адамға тұрақты түрде жаттығуға мүмкіндік береді.

Рәсім барысында спорт саласының дамуына үлес қосқан спортшылар және орталықтың құрылысын сапалы аяқтаған мердігер ұйым қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиында Ләззат Шыңғысбаева, Наурызбай Байқадамов және Мұрат Әбенов те сөз сөйлеп, орталықтың қолжетімді спортты кеңейтуге ықпал ететінін айтты.

Өңірде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлескен бастамалар көбейіп келеді. Келтірілген дерек бойынша, қор Қызылорда облысындағы маңызды әлеуметтік жобаларға жалпы 12 млрд 851 млн теңге бағыттаған.

Қаржының елеулі бөлігі білім беру, ауыл мектептерінің материалдық базасын күшейтуге бөлінген: бұл бағытқа 5 млрд теңгеден астам қаражат қаралған. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салаларында 5 млрд теңгенің жобалары жүріп жатыр.

Спорт инфрақұрылымына қатысты жұмыстар да қатар жалғасқан. Былтыр бөлінген 2 млрд 728 млн теңге есебінен Шиелі мен Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынды. Сырдария және Қармақшы аудандарындағы спорт нысандары құрал-жабдықтармен толықты. Алдағы уақытта тағы алты спорт кешенінің базасын жаңарту жоспарда бар.

Жергілікті билік өңірде бұқаралық және кәсіби спортқа жағдай жасауға кәсіпкерлердің демеушілігі, ұлттық компаниялар мен спорт федерацияларының қолдауы да әсер еткенін атап өтті.

2022 жылдан бері облыста 23 спорт нысаны пайдалануға берілген. Олардың қатарында орталық стадион, теннис орталығы, инклюзивті спорт орталығы және 20 спорт кешені бар. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы төрт спорт кешенін ашу көзделген.

Аймақта алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» жұмысын бастаған. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы және Жалағаш ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілген.

Сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлер 1 млрд 600 млн теңгеге 80 спорт-ойын алаңын салып берген.

Облыс орталығындағы ірі бастамалардың бірі ретінде аумағы 25 мың шаршы метр болатын «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені аталды. Жоба жоспарына сай, мұнда олимпиадалық талапқа сай 50 метрлік бассейн, Азия және әлем чемпионаттарын өткізуге лайық 2 500 орындық арена, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары ашылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды: Нысанға 2,9 млрд теңге бөлінді · Todayinfo