Қызылордада оқушы қыз қылмыскерді ұстауға көмектескен
Қызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Қызылордалық полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов

Қызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Қызылордалық полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 сәуірде Қызылорда қаласының тұрғыны «102» арнасына Volkswagen passat автокөлігі терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы құрылып, оларға 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің автокөлікке қалай кіргенін, ішінен ақша ұрлап жатқанын және қай бағытқа кеткенін айтып, оны ұстауға көп септігін тигізген.
Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·