Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордада жаңа емхана бой көтереді: «Шипа іздегенге жылулық сыйласын»

Қызылорда қаласының сол жағалауында 500 адамға арналған жаңа емхана құрылысы басталды. Салтанатты шараға Денсаулық сақтау министрі қатысты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қызылордада жаңа емхана бой көтереді: «Шипа іздегенге жылулық сыйласын»

Қызылорда қаласының сол жағалауында бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы басталды. Заманауи медициналық мекеменің іргетасын қалау рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, жергілікті билік және зиялы қауым өкілдері жиналды. Аймақ басшысы бұл нысанның сол жағалауға қоныстанған тұрғындардың сұранысы бойынша салынып жатқанын және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына Президент пен Үкімет ерекше қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді.

"Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Жаңадан бой көтеретін емхана да шипа іздеген жандарға жылулық сыйлайтын орынға айналсын! Рамазан айы баршамызға құтты болсын!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа емхана көпсалалы мекеме болады. Мұнда тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ педиатрия, акушерлік-гинекология, шұғыл медициналық көмек және профилактика бөлімдері жұмыс істейді.

Сонымен қатар нысан 50 төсектік күндізгі стационармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімімен, оқу кабинеттерімен және 200 орындық конференц-залмен жабдықталады.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы

Қызылордада жаңа емхана бой көтереді: «Шипа іздегенге жылулық сыйласын» · Todayinfo