Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордадағы жаңа емхана: құны 10 млрд теңгеге жуық, заманауи құрылғы болады

Қызылордада құны 9,8 млрд теңге болатын жаңа емхананың іргетасы қаланды. 400 орындық мекеме қала шетіндегі 40 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қызылордадағы жаңа емхана: құны 10 млрд теңгеге жуық, заманауи құрылғы болады

Қызылорда қаласының Титов қыстағында 40 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы басталды. 400 адамды қабылдай алатын медициналық мекеменің іргетасын қалау рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа ғимарат №5 қалалық емханаға тиесілі болады. Жобаның жалпы құны – 9,8 млрд теңгеден асады. Аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын кешен заманауи медициналық технологиялармен жабдықталады деп жоспарланған. Іргетас қалау рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, жергілікті зиялы қауым өкілдері де келді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл жобаның халық үшін маңызы зор екенін атап өтті.

"Президентіміздің әлеуметтік саясаттағы басты бағыттарының бірі – халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет ұсыну. Бүгін біз Титов мөлтек ауданының 40 мыңнан астам тұрғыны үшін аса маңызды, тарихи сәттің басында тұрмыз. Бұл – ана мен бала өмірін сақтауға, қазыналы қарттарымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекет қолдауы. Алдағы уақытта да өңір халқының өмір сапасын арттыруға арналған кешенді жұмыстар жалғасады", – деді Н.Нәлібаев.

Бұл – өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жалғыз жоба емес. 2022-2025 жылдар аралығында Сыр өңірінде жалпы құны 26,4 млрд теңге болатын 40 медициналық нысанның құрылысы жүргізілген. Оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандық ауруханаларының жанынан қосымша ғимараттар салынып, Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылында және Сексеуіл кентінде жаңа ауруханалар пайдалануға берілген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қызылордадағы жаңа емхана: құны 10 млрд теңгеге жуық, заманауи құрылғы болады · Todayinfo