Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары ұсталды

Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Telegram -арнасы жазды. "РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (пара алу) Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур В

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары ұсталды
Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Telegram-арнасы жазды.
"РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (пара алу) Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Вадимович Иванов ұсталды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі ерекше ірі мөлшерде пара алғаны үшін 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Похожие материалы

Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары ұсталды · Todayinfo