Еске сала кетейік, осы айдың басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ресейлік футбол жаттықтырушысы, футболшы, КСРО және Ресей құрамаларының қақпашысы Станислав Саламович Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Алагир қаласында (қазіргі Солтүстік Осетия-Алания Республикасы) дүниеге келген. Футболды туған жеріндегі «Спартак» мектебінде бастаған. Ал Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып келген Станислав Черчесовтың айлығын білмейтін болып шықты. Ол осы сұрақты қойған журналистерге «федерациядан бірге сұрауды» ұсынды.«Сұрақты неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілім осетин тілінде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», – деді ресейлік бапкер.
Ресейден келген бапкер журналиске ашуланды
Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман әуелі бас бапкерге қазақ тілінде қойған сұрағын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов орыс тіліне аударып берген. Кезекті рет қазақша сауалға Станислав Черчесов ашуланып шыға келген. «Сұрақты неге орысша қоймайсыз? М

Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман әуелі бас бапкерге қазақ тілінде қойған сұрағын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов орыс тіліне аударып берген. Кезекті рет қазақша сауалға Станислав Черчесов ашуланып шыға келген.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·