Ресейден жерлестерін 223 млн теңгеге алдаған күдікті экстрадицияланды
Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде басқа адамның пәтерді ұсынған. Соның кесірінен Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырыны

Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде басқа адамның пәтерді ұсынған. Соның кесірінен Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, шетел асып кеткен. Соған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланған.
Өткен жылдың желтоқсан айында ол Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды. Содан кейін Бас прокуратураның өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Похожие материалы

Новости
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Новости
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·